Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Ақтөбеде кафе әкімшісін өлтірген екі жігіт сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

J2wC6xHzsJM0

Марқұмның жасы небары 31 жаста еді. Ол қылмыскердің бірінің сыныптасы.

Айта кетейік, кафеге келушілер қалған 2500 теңгені төлеуден бас тартып, даяшыға ұрысып шығып кетеді. Кафе әкімшісі Әсет оларды жібермей қояды. Сол кезде Марат оның басынан бір ұрады. Әсет олардың көлігіне жармасады. Көлікті айдаған Берекетов қатты жылдамдықпен жүреді. Көлік тасжолға шыққанда есігіне жармасқан Әсет құлап басынан жарақат алады. Ол сол жерде мерт болды.

Сот шешімімен екі айыпталушы кінәлі деп танылып, Марат Абдулин 2 жылға, Артур Берекетов 3 жылға сотталды. Іс «Топтық бұзақылық» пен «Абайсызда адам өліміне себепкер болу» бабы бойынша қаралды.

Марқұм болған Әсет Оразбайдың артында 4 баласы мен әйелі қалды.

Марқұмның әкесі сот шешімімен келіспейді.

«Адамды көлікпен сүйреп өлтірді. Мас күйінде жасап отыр. Оқиға орнына қашып кетті. Бұл бұзақылық деп атала ма сонда? Сот ісі өзгеріп кеткен шығар мүмкін. Біз әлі шағымданатын боламыз», – дейді әкесі Серік Садықов.

Источник: qazygurt.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.