АНКАРА БАСШЫСЫ «ТҮРКІСТАН-АРЕНА» СТАДИОНЫНДА ТҮРКИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМАНДАСЫМЕН МАТЧ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

Түркістанға іссапармен келген Анкараның губернаторы Васип Шахин шаһардағы спорт нысандарын да аралап көрді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мейманға заманауи спорт орталықтарын таныстырып, қаланың даму жоспары туралы айтып берді.
Алдымен «Түркістан-арена» орталық стадионында болған Анкара басшысы нысанның УЕФА талаптарына сай әрі сапалы екеніне тоқталып, жоғары бағалады. Осы стадионда Түркияның әлемге танымал футбол клубтарын жіберіп, халықаралық кездесулер өткізуге күш салатынын жеткізді
Түркістандағы орталық стадион 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың бірнеше түріне арналған жаттығу залдары бар. Нысан — «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Түркістанға тартуы. Стадионның негізгі бөлігі футбол алаңынан және жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және өзге де залдары талаптарға сай жасақталған.
Одан кейін Анкара мен Түркістан басшылары құрылысы жүріп жатқан халықаралық теннис орталығын да аралап көрді. Аталған нысан биыл пайдалануға беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.