Шымкент: Абай ауданы Полиция басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізілді.

Арнайы жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық өзгерістерден хабардар етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын атап өтті.

«Осы Меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын күшейту бойынша шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілікті қалыптастыру, жемқорлық мәселесін жою және оны алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы орайда жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған іс-қимылдар жүргізілуде» — деп түйіндеді сала маманы.

Басқосу соңында қатысушылармен пікір алмасып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтіліп, барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті және бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.