ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА НЫҚ ҚАДАМ

Ағымдағы жылдың 5 маусымы күні өтетін республикалық Референдум — қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің бүгінгі отырысы да референдум өткізу мәселесіне арналды. Отырысқа кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және партия белсенділері қатысты.
Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев жүргізіп отырды.

Отырыс барысында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Атқарушы хатшының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, «Дарын» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Раушан Джеренова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының проректоры Бекайдар Нұрмышев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракциясы мүшесі Лазиз Сулейманов сөз сөйлеп, саяси реформаларға қолдауын білдірді.

Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі. Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін айтқан болатын. Өзгеріс аз емес. Соның бірі — Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті бар Президенттік республикаға ауысады.

— Елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің көзі — халық» деген принципті жүзеге асырады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл — бүкілхалықтың деңгейдегі міндет, -деді Е.Серкебаев.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.