ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НАҚТЫ ҚАДАМ

Маусымның бесі күні Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Атаулы күнге дайындық барысында «AMANAT» партиясының мүшелері ҚР Конституциясына түзетулерді түсіндіру жөніндегі жұмыстарын қарқындатты.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі Берік Бекжанов Ақжайық шағын ауданың тұрғындарымен №88 мектебінде кездесті. Кездесуге Республикалық штаб мүшесі Жадыра Танатарова, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә. Иманқұлов қатысты.

— «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасына қолдау білдіруіміз керек. Мұндай үлкен шара еліміздегі маңызы бар айтарлықтай оқиға. Сол себепті, баршамыз бірауыздан осы референдумның өтуіне үлес қосып, ойымызды білдіруіміз қажет. Референдум ең алдымен халық үшін маңызды. Өйткені, референдум арқылы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шын мәнінде халықтың билігін нығайта түседі»- деді Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов.

Жиында алдағы өзгерістер жайы кеңінен талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдайтынын білдірді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.