ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Б.Бекжанов Шым шаһардағы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернатының ұжымымен кездесті. Жиынға «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Д.Исабеков және М.Жолдыхожаев, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев және Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев қатысты. Депутаттар сайлаушыларға рефрендумның мән-маңызын түсіндірді.

— Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан да алдағы күндері өтетін референдумға барша халық болып қатысып, дауыс беру өте маңызды, – деді депутат Берік Айдарбекұлы.

Естеріңізге салайық, Бекзат Саттарханов атындағы атаулы оқу орны 1995 жылдан бастап түрлі спорт бағытында жас жеткіншектерді тәрбиелеп келеді. Бүгінгі таңда білім мекемесінде 180 оқытушы жұмыс істейді. 330 дан астам оқушы спорттың 10 түрі бойынша шеберлігін шыңдап, білім алуда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.