Шымкентте «Қарасора-2022» жедел алдын алу шарасы басталды
2022 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында Шымкент қаласының аумағында республикалық деңгейдегі «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою, оларды анықтау және жолын кесу, осы бағыттағы жұмыстарда мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара әрекеттестікті нығайту, есірткіге тәуелді және нашақорлыққа бейім тұлғаларды дер кезінде анықтап, оларды уақытылы емдеу мен оңалтуға жағдай жасау, қоғамды есірткіге қарсы қою және халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру болып табылады.
Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру, өңдеу, өткізу, олардың жабайы өсу деректерін анықтап, жою бағытында біршама жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі