ДАУЫС БЕРУ АШЫҚТЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Парламент қабылдайтын. Бүгін барша қазақстандықтар үшін маңызды күннің бірі. Болашақ Қазақстанның іргетасын қалап, басты құжатын қалың бұқарамен бірге таңдау жасап, бірге өзгертеміз. Ел тағдыры әрбіріміздің дауыс беруімізге байланысты болмақ.
Қазір, «AMANAT» партиясы тарапынан Абай ауданында орналасқан сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тұрақты түрде келіп өз дауыстарын беруін және дауыс беру рәсімінің ашықтығы мен әділдігі тұрақты бақылауда. Таңғы сағат 6.00-ден бастап аудандағы 92 сайлау учаскесі ашылып, тұрақты жұмыс жасауда. Таңғы сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша аудан көлемінде тіркелген сайлаушылардың 45%-дан астамы келіп өз дауысын берген.
Таңертең астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша шаһардағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Мен де Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жалпы халықтық референдумда өз дауысымды бердім.
Есімхан Бертаев, «AMANAT» партиясы Абай ауданындық филиалының Атқарушы хатшысы