Шымкенттік полицейлер тұрмысы төмен отбасылардың балаларын балет кешіне алып барды
Мемлекет басшысымен «2022 жыл – Балалар жылы» болып белігеленуіне байланысты, Қазақстан полициясының 30-жылдығы қарсаңында және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясындағы бір айлық профилактикалық іс-шаралар аясында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 10 жағдайы төмен отбасылардың балаларын мәдени іс-шараға алып барды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қаладағы «Түркістан сарайы» сахнасында ақысыз негізде тегін өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Астана Опера» театрының жұлдыздары өнер көрсетті. Гастрольдік балет кешінде көрермендерге Ф.Шопеннің музыкасына жазылған «Шопениана» бір бөлімді балеттен көрсетілімдер қойылды.
Осы іс-шара балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, жақсылыққа тәрбиелеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Мұндай сахнаны алғаш рет көрген келушілер осындай мүмкіндікті сыйлаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі