ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ –ЖАҢА ДӘУІРДІҢ БАСТАУЫ
Қазақстандықтар тарихи таңдау жасап, ел болашағы жолында маңызды шешім қабылдады. Референдумның нәтижесі халқымыздың өзгерістерге дайын екендігін және шешуші сәтте бірлесіп, ұйымшылдық көрсете алатынын дәлелдеді. Азаматтарымыз өздеріне артылған жауапкершілікті сезіне отырып, дауыс беруге белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігін танытты.
«AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісті. Республикалық штаб құрылып, оған партия Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік етті. Республика бойынша аймақтарда 217 штаб жұмыс істеп, 12 мыңнан аса үгіт-насихат шарасы өтті. Сондай-ақ Шымкент қаласынан да арнайы штаб құрылып, халыққа түсінікті тілмен ақпарат берілді. Шалғай елді мекендердің, ауылдардың, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен өткен кездесулер еркін, ашық форматта жасалды.7 республикалық және 61 адамнан тұратын қалалықштаб мүшелері50 мың азаматты қамтитын 350-ден астам үгіт-насихат шараларын өткізіп, нәтижесінде қаламызда халықтың референдумға қатысуы72,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бір ай көлемінде атқарылған сапалы жұмыстардың нәтижесі деп білемін.
Үгіт жұмыстары барысында өңірімізге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Ғани Ташқараев, Фахриддин Қаратаев сондай-ақ партия жанындағы республикалық штаб мүшелері Берік Уәли, Максим Рожин, Айдос Жұқанұлы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізді.
Кездесулердеең бірінші халықтың көңіл-күйіне назар аударылып, мәселелері тыңдалды. Сәйкесінше қала тұрғындары тарапынан 1700-ден астам ұсыныстар мен талап тілектер түсті. Алдағы уақытта осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.
Сонымен қатар, партия Саяси кеңесінің, фракция мүшелерінің, қоғамдық пікір көшбасшылары, бастауыш партия ұйымы, қоғамдық кеңес төрағаларының, блогерлер, журналистер, жасотандықтардың қатысумен«ақпараттық пул тобы» құрылып, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде референдумға келуге шақыруға арналған 5,2 мың материал жарияланды.
Референдумның маңыздылығы мен дауыс беруге шақыру мақсатында «Талқылау» диалогтық алаңы ұйымдастырылды. Жасотандықтардың бастамасымен қалалық деңгейде жастар арасында дебат өтті және әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып, қолдауға ие болды. «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен қаламызда «Жастар – өзгеріске дауыс бер!»атты автокеруен ұйымдастырылды, арнайы бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Сайлау күні қаладағы барлық 311 сайлау учаскелерінде (жабық сайлау учаскесі — 18) «AMANAT» партиясының 933 өкілдері бекітіліп, референдумның әділ өтуіне өз үлестерін қосты.
Референдум өткізу арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оң өзгерістерге бағытталған реформалары заңмен бекітіліп, өз күшіне енеді. Реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертіп, еліміз дамудың жаңа белесіне өтеді. Жаңа Конституция – сөзсіз жаңа дәуірдің бастауы. Еліміз демократиялық, әділетті және өркениетті мемлекет ретінде одан әрі дами түседі деген сенімдемін.
Жанар Бектаева
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы