ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Шымкент қаласының әкімдігі Шымкент қаласы Ақтас-1 елді мекенінде құрылыс қалдықтарын орталықтандырылған жинау және қайта өңдеу алаңшасы ашылғандығын хабарлайды.
ҚР Экологиялық кодексінің 351 бабы 1 тармағына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына құрылыс қалдықтарын қабылдауға тыйым салынған. Осыған байланысты, «Мусороперерабатывающий завод Green line» ЖШС-не құрылыс қалдықтарын сұрыптау мен қайта өңдеу алаңшасын ұйымдастыру үшін жер телімі бөлінді.
«МПЗ «Green line» ЖШС-нің байланыс телефоны — 8 778 115 52 78.
Сіздерден құрылыс қалдықтарын арнайы ұйымдастырылған алаңшаға шығаруыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, құрылыс қоқыстарын белгіленбеген орындарға, соның ішінде рұқсат етілмеген қоқыс орындарына шығару айыппұл санкцияларын енгізуге әкелетіндігін хабарлаймыз