АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛЫП, ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Әл-Фараби аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына көптеген азаматтар түрлі өтінішпен келеді. Осы ауданның тұрғыны А.Әшіралиева Қазыбек би көшесі № 28, 30, 20, 20А және 32 көпқабатты үйлердің тұрғындарының атынан арыз жазып келген болатын. Тұрғындардың басты мәселесі ауладағы балалар алаңшасын сырлап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру болатын.
Аталмыш арыз бойынша ауданда тексеру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесіліп, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді. Балалар алаңшалары ретке келтіріліп, сырлау, әрлеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, арыз бойынша кем-кетіктің бәрі жойылды.