АДАСҚАННЫҢ АЙЫБЫ ЖОҚ, ҚАЙТА ҚАЗЫҒЫН ТАПҚАН СОҢ…

Мен Маханбетов Рысмахан Абуталипович 07.03.1985 жылы туылғанмын. 2009 жылдан ислам дінін түсініп, намазға жығылдым. Намазды мешітке барып имамдардан үйреніп, Абу Ханифа мәзһабымен оқып жүрдім. Бір жарым жылдан кейін мешітте сәлафилік ұстанымдағы азаматтарға қосылып, солар сияқты намаз оқи бастадым.

Одан кейін Дарын Мубаровтың уағызын тыңдап жүрдім. Соның уағызы дұрыс, тура жол боп көрінді. Алайда ол кісі ешқандай такфиризм, жиһадқа шақырмайтын еді. Ол кісінің уағызында адамдарды Алланың бірлігіне, намазға шақыратын. Одан кейін мен интернет желісінен шетелдік азаматтардың уағыздарын тыңдауға көштім. Солардың уағызы маған нағыз хақ, дұрыс жол боп көрінді. Менің бойымда сезімнің күші күшейе түсті. Одан кейін «біз ғана дұрыс жолдамыз» деп жүрдім.

Осылай жүргенімде менің қалта телефоныма Руслан деген татар жігіт хабарласып, мына жақта бір бандиттер тиісіп ақша сұрап жатыр, «брат, помоги» деп көмек сұрады. Мен “жарайды” деп келістім. Сосын Дәурен деген досымды шақырып, оның машинасымен бардық. Барсақ әлгі Руслан деген ахи шығып күтіп тұр екен. Жігіттер үйге келіп қорқытып кетті деді. Олардың телефонын алып, кездестік. “Біздің бауырымызға неге тиісесіңдер” деп бастағаным сол еді, менімен ерегісіп шыға келді. «Вы чо, нахрен против вора вышли» деп сөз қайтара бастағанда оларды атып, пышақтап тастадық. Содан жан-жаққа қарай қаштық. Шамалы уақыт өткен соң әлгі жігіттердің ауруханаға түскенін естідік. Бес-алты ай қашып жүріп, ақыры ұсталдым. Біз кінәмізді мойындап, төрт жыл алты айға бас бостандығымнан айырылдым.

Шымкент қаласындағы 167/3 мекемесіне келдік. Менің ұстанымым баяғы қалпында еді. Түзеу мекемесіне дінге жауапты қызметкерлер мен имам-теологтар, одан басқа Қазақстанға аты шыққан имам Ерсін Әміре, Арман Қуанышбаев атты ағалар келді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз бетімше ізденіп, Қазақстан тарихын оқыдым. Өзіміздің ата-бабаларымыз Ханафи мәзһабын ұстанған екен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқындары» атты кітабын оқып, одан ары көзім ашылды. Басшыға бағыну керектігін, шынайы Абу Ханифа мәзһабын түсіндім. Бұрындағы ұстанымымдағы қателіктерімді жойдым. Имам-теологтардың себебімен шынайы дінді оның ішінде Ханафи мәзһа­бын шынайы түсіндім. Бұрынғы ұстанымымның дұрыс емес екендігіне және оған шынайы тәубе еткенімді айтамын. Атам қазақ айтқандай «адасқанның айыбы жоқ, қайта қазығын тапқан соң».

Маханбетов Рысмахан Абуталипович

ИЧ-167/3 мекемесі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.