145 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.
Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар