ЫНТЫМАҚ КӨШЕСІНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жыл басында халықпен кездесуінде
Бадам-1 тұрғын алабының тұрғындары Ынтымақ көшесін асфальттауды сұраған болатын. Халықтың өтініші орындалып, жол құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары аяқталуға таяу. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і ұзындығы 1 шақырымды құрайтын көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеуде.
Бадамықтар жол жөндеу жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындардың өтініштерін басты назарда ұстай отырып, қала аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасатын болады.