«Астана Опера» дос болуды ұсынады
Елорданың мейлінше көп тұрғыны «Астана Операның» досына айналуда. Көрермендерге жақындай түсуге және ынтымақтасуға бағытталған арнайы жоба аясында «Достар клубына» кереметпен танысқысы келетін театрсүйер қауым, сондай-ақ өнердің осы түрін дамытуға қолғабыс етуге дайын компания өкілдері, оның ішінде шетелдіктер қосылуда.
– Мұндай бірлестіктер әлемге танымал көптеген театрларда бар. «Астана Операның» «Достар клубына» мүше болу жұмбақ театр әлеміне жақындай түсуге, оның өміріне белсенді араласуға, сондай-ақ еліміз бен қаламыздың мәдени игілігін арттыру және сақтау ісіне өз үлесіңді қосуға мүмкіндік береді, – деді «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева. – Біздің бастамамызға үн қатқан барша жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Театр мен көрермендердің өзара тиімді ынтымақтастығы өнерді қадірлейтіндерге сырттан бақылап тұрушы ғана емес, сонымен бірге театрдың жобалары мен бағдарламаларының белсенді қатысушысы болуға жағдай жасайды.
Театр өмірі өте мазмұнды және ол опера, балет әрі концерттермен шектелмейді. Өнер ордасының қабырғасында көптеген, оның ішінде әлеуметтік жобалар іске асырылып, елорда мектептерімен үлкен жұмыс жүргізілуде, шымылдықтың ар жағына саяхат ұйымдастырылуда. «Достар клубын» құру мәдени әрі танымдық шаралардың санын көбейтеді.
Клубқа ену рәсімі өте оңай: әрбір қалаған жан өтініш-сауалнаманы толтырады. Ол мақұлданып, жарна төленгеннен кейін, театр досы «Дос», «Құрметті дос», «Әріптес», «Демеуші» секілді мүшелік санатына қарай берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер бар атаулы клуб картасын алады.
«Театр досының» жеңілдіктері қатарына жеке менеджерінің болуы, басты дайындықтар мен эксклюзивті шараларға шақыру билетін алу мүмкіндігі, репертуарлық жоспардың жіберілімі, сахна сыртына саяхат жасау секілді басқа да артықшылықтар кіреді.
Осы аталғандардан бөлек, «Құрметті дос» атағы қойылымдық топ мүшелерімен жеке таныстық, қолтаңба алу түріндегі эксклюзивтерге және басқа да бірегей мүмкіндіктерге бастайды.
«Әріптес» пен «Демеушінің» артықшылық аясы бұдан да кең, олар ресми кездесу өткізу, қол қою үшін театр ғимаратын пайдалану, жылына екі рет афишаларда өз логотиптерін орналастыру секілді басқа да құқықтарға ие.
Көпшілік үшін театр құпия әрі жұмбақ орын болып қалуда. «Достар клубына» мүше болу елімізде театр өнерінің дамуына үлесіңді қоса отыра, осынау сиқырлы әлемнің кейбір сырларын ашуға, көптеген жаңа нәрсені үйренуге көмектеседі.