Шымкентте «Автобус» профилактикалық іс-шарасы барысында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте жеті тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.
Атап айтқанда,
— ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды
тасымалдау ережесін бұзу) – 21;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған
көлік құралын басқару) – 26;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 10;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 64;
— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 136;
— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 52;
— ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу) – 3;
— ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (міндетті сақтандыру туралы заңнама бұзу) – 2;
— ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 15;
— Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 1;
— Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 5.
Аудандық Полиция басқармаларымен ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса жүргізуші анықталды.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі