ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауды тапсырды. Өңірде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар алдағы жылыту маусымына әзірленіп жатыр. Сондай-ақ алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта қажетті отын қоры жинақталуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында 2022-2023 жылдардың жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Облыс көлеміне жалпы көмір отынының қажеттілігі 900 мың тоннадан асады. Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизельге) қажеттілігі 4 559,7 мың литр, мазутқа қажеттілік 2700 тоннаны құрайды. Кентау қаласындағы ЖЭО-5 үшін қажетті көмір көлемі 89 мың тонна, мазут 700 тонна. Жылыту маусымына дайындау мақсатында негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінген.
Өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үй мен 2561 бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандар бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.