КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.
М.Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді топтардың жұмысын жүйелеп, олардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.
Тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша: 1 компонент – 619 490, 2 компонент – 607 859; ревакцинация 3 компонент – 354 719 (жоспардың 55 пайызы орындалды), 4 компонент – 15032 адам алды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар