«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру және Денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы және кеңес мүшелерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибұллаұлы, Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысының орынбасары Сауытов Тұрар, Әлеуметтiк медициналык сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының директоры Құралбек Сәбит Райымбекұлы және Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының орындалуы бойынша 2022 жылдың жартық жылдық есебі мен қаладағы жекеменшік білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік және емдік жәрдемақылардың төленуі туралы ақпаратты Шымкент қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары баяндама жасады.
Сонымен қатар, Әлеуметтiк медициналык сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының басшысы 2021 жыл мен 2022 жылдың 6 айына есебін берді. Сондай-ақ, отырыста білім беру мен әлеуметтiк медициналык сақтандыру салаларындағы күрделі мәселелер талқыланып, ортаға салынды.