ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Абдукаримов, кеңес төрағасының орынбасары М.Мергенбаева және кеңес мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген Жол картасындағы индикаторлардың тиісті деңгейде орындалуы бойынша кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласында орналасқан кәсіпкерлік объектілердің сапа деңгейін зерделеу барысында нысандардың Сайлауалды бағдарламада көрсетілген мерзімде орындалуына және бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылуына Кеңес өкілдері тарапынан баса назар аударылды.

Инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы Ермек Тұрманов мониторинг жүргізу барысында Кеңес мүшелеріне тоқтап тұрған кәсіпкерлік нысандар мен аяқталуға жақын қалған объектілердің бүгінгі ахуалымен таныстырып, әрбір жұмыстың аяқ алысына айрықша тоқталып өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары алдағы уақытта мониторингтің нәтижесімен орындалмау қаупі жоғары деп танылған нысандар бойынша Кеңес отырысында баяндама жасайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.