БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ПАРТИЯНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалығымен кеңес өтті.

Кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары, өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары, партияның облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракция басшылары, мәслихаттардың хатшылары, партия жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.

— «Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне сәйкес, азық-түлік инфляциясы халықты алаңдататын өзекті мәселелер тізіміне кірді. Респонденттердің 83,9%-ы үшін бағаның қымбаттауы, әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін өзекті. Біз бұл жағдайды партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне материалдық көмек көрсету туралы өтініштердің көбеюінен байқаймыз. Мәселен, жыл басынан бері әлеуметтік қамсыздандыруға жүгінгендердің үлесі 30% — ға өсті», — деді А.Оралов.

Жиын барысында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов Шымкент қаласынан қатысып, біршама ұсыныстар берді. Атап айтқанда, ең бірінші бағаны тұрақтандыру үшін бөлінетін қаражатты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағыттауды және ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу және қалпына келтіру үшін нақты шаралар қажеттігін алға тартып, үкімет әзірлеп жатқан импортты алмастыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларда нақты индикаторларды белгілеу маңызды екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, өңірлердегі ахуал бойынша филиалдардың атқарушы хатшыларына сөз беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

Нарықтағы тауар бағасының тұрақтылығын бақылау мақсатында «AMANAT» партиясы қазіргі уақытта барлық облыс және аудандарда 216 партиялық мониторинг және қадағалау тобын іске қосты. Жұмыс топтары супермаркет, базар, дүкендерді аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады. Мониторинг тобына бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары, барлық деңгейдегі партия фракциясының мүшелері, қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері мен блогерлер мүше болып табылады.

Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік филиалдардағы мониторингтік топтар арнайы жұмыс алгоритмі бойынша апта сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын белгілеу міндеттелді. Мониторинг барлық базарларда, соның ішінде сауда желілері мен өнімдер мен тауарларды сатудың ірі нүктелерінде жүргізіледі. Жұмыс нәтижесі бойынша анықталған проблемаларды жою үшін ұсыныстар жасалып, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғалар белгіленді. Ұсынымдардың орындалуын партиялық бақылау жіті қадағалайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.