Шымкент: Есірткі саудалаған сыбайлас қос азамат құрықталды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 2 жергілікті тұрғынды ұстады.

Ұсталған 22 жастағы азаматтың сөмкесін тінту барысында жалпы 10 дана полиэтиленді пакеттерге оралған ұнтақ тәріздес есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты «пирролидиновалерофенона» (а-PVP) екендігі анықталып, жалпы салмағы 16,6248 гр құрады.

Оның сыбайласы 21 жастағы тағы бір азаматтың «Лада Приора» маркалы автокөлігін қарау барысында, жүк салғышынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас заты, оны бөлшектеуге арналған құралдар, 3 дана таразы және сым қабықшалары тәркіленіп алынды.

Автокөліктен тәркіленген заттың – есірткі «пирролидиновалерофенона» (а-PVP) екендігі және жалпы салмағы 178,52 гр құрағанын сараптама нәтижесі нақтылады.

Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері есірткімен байланысты кез келген әрекет заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.