АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанынан құрылған мониторинг және қадағалау тобы кезекті сауда орнына зерделеу жұмыстарын жалғастырды. Мониторинг топтың құрамында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісі Б.Тулегенов, қалалық мәслихат депутаттары Ж.Таңатарова, Т.Сұлтанова, А.Елшиева, Н.Бұхарбай, Т.Балтабаев, С.Қуандық және Ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының «Азық-түлікпен қамту» бөлімінің басшысы Қ.Базарбеков бар.
«Alash» базары мен Жиделібайсын көшесінде орналасқан «Magnum» сауда үйінде болып әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арнайы бекітілген бағада сатылып жатқанына көз жетекіздік. Шымкенттегі «Alash» базазары көтерме сауда жасау үшін ең тиімді орын. Мұндағы азық-түлік қоймаларында тауар да жеткілікті әрі салыстырмалы түрде өзге базарлардан бағасы жағынан төмен екенін аңғаруға болады. Мәселен, бір келі сиыр еті базарда 2600 теңгеден ұсынылған. «Magnum»да әлеуметтік маңызы бар саналатын азық-түлік тауарлары орналасқан сөренің маңдайшасына арнайы жазуы көрсетілген. Мұнда ұнның келісі – 230 теңгеден, қант – 480, тұз – 51, картоп – 198, сәбіз – 181 теңгеден саудалануда. Бір бөлке нанның бағасы 80 теңге болса, 0,875 литр сұйық май – 725 теңге, ал отыз дана жұмыртқа үшін – 1110 теңге төлеуге болады. Ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының «Азық-түлікпен қамту» бөлімінің басшысы Қ.Базарбековтың айтуынша, қала тұрғындары сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жетпегенде не бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда арнайы сенім телефоны арқылы (24-75-41) хабарлауға болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.