ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке 6 айда атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы  Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева баяндады.

Бүгінгі таңда қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 88 429 баланың – 88,6%-ы  мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 53 558 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 76 416 баланың 89,3% (68 254 бала) қамтылған. 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін қаржы қаралды. 28 балабақша ашу (2 480 орынға) жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 1-сыныпқа 28 мың бала қабылданады деп күтілуде. 2022 жылы оқушыларды қосымша біліммен қамту жоспары — 77,1% жоспарланған. 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушылардың 76% қосымша біліммен қамтылған. Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 32 000 бала қамтылуда. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен  қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін 1 ПМПК, 1 ППТК ашу үшін тиісті құжаттамалары ресімделуде.122 логопункт кабинеттері, қосымша 46 логопед штат бірліктері, 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылады.

Қала әкімі жиналысты қорытындылай келе мынадай тапсырмаларды жүктеді: балабақшаларға қатысты кешенді жоспар дайындау; педагогтердің бейінділігін реттеу; медицина, спорт, білім саласы бірлесіп инвесторларды тарту мақсатында кәсіпкерлерге арналған ауқымды көрме ұйымдастыру; мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын жан-жақты зерделеп 20 тамызға дейін баяндау; оқулық жетіспеушілігінің алдын алу, турникеттердің жұмысын тексеру; эпидемиялогиялық жағдайға байланысты оқу түрлеріне дайын болу, білім беру ұйымдарындағы жылу қазандықтарының жаңа жылыту маусымына дайындығын пысықтау; межеленген индикаторлардың әрбірінің орындалуы бойынша талдау жүргізіп, өзекті мәселені үнемі бақылауға ұстау.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.