Жолдаудың маңыздылығы қажеттілігінде

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтыңсаяси реформалардан кейін экономикалық  жаңғыртуды қамтыған Жолдауын қазақстан халқына жолдауы  әділетті  қоғам құрудағы нақты қадам болды Жолдау өте ауқымды барлық саланы дерлік  қамтып, нақты  мақсатты көрсеткіштермен айқындалған.

Жолдауда қарастырылған. бес бағдар: экономикалық саясат,нақты секторды дамыту,ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция,мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп бәрі жалпы күн тәртібінен туындаған   ел сұранысымен үндес.Мемлекет басшысы  саяси жаңғыру экономикалық өзгерістерге  ұласуға тиіс деді.

Жолдауда Мемлекет Азамат Бизнес арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуге үлкен  мән берілген. Жолдаудың мәтінінде Мемлекет-68, Үкімет-57, Жаңа-42, Ұлт-32, Міндет-29, Заң-28, Экономика-28, Қоғам-28, Бизнес-28, Дамыту-23, Қазақстан-22, Реформа-21, Халық-20, Азамат-20 рет  қайталанады  Мемлекеттің бизнесті қолдауы арқылы  бәріне бірдей тең мүмкіндіктер жасау,бәсекелестікті нығайтуға,халықтың әлеметтік табысын арттыруға алып келеді. Жолдауда әлеуметтік міндеттемелерге құйылатын қаражат  та төмендемейді. Ұлттық табысты тең бөлу- экономикалық реформаның басты бағыты. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық  табысының  50 пайызын  балалардың  арнаулы  жинақтаушы есепшотына аудару  «Ұлттық қор»- балаларға» бағдарламасы ұсынылды. Жинақталған қаржыны  бала 18 жасқа толғанша ешкім  есепшоттан шешіп ала алмайтыны одан сайын қуантты.Балаларының болашағы үшін алаңдайтын әрбір  ана үшін  бұл ұсыныс ертегідегідей сияқты естілді. Негізінде демографиясы  мен экономикасы қатар дамыған елдер қуатты ел үрдістерінде бұндай жүйен ң қалыптасуы   тиімді, әрі адамдарды ынталандырады,сенімге алып келеді Бұл адам капиталын дамытуға  салған  мемлекеттің инвестициясы   Бірден-бір мәселе  жаңа Салық кодексін енгізу туралы.  Салық жүктемесін азайту үшін  салықтан жалтаруды болдырмау   тетігі і жаңа Салық кодексінде қарастырылатын,қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту енгізілетін болады. Салық реформасы Салық түсімін өңірлерге беру Салық саясатының тиімділігіне  арналған біраз тұжырымдар жасалған. Ұлттық қордың тиімсіз пайдалану тоқтатылады деп нақтыланған.  Салық түсімін өңірлерге беру  саясаты да көңілге қонымды өңірдіңдамуына әсер ететін көрсеткіш. Жаңа бюджет кодексін қабылдау упісіп жеткен мәселе. Бәрі де халық үшін оның денсаулығын жақсартуға қолдау десек, 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы  уақытта 32 аудандық аурухана жаңарады,  фельдшерлік пунктер салынады Ең төменгі  жалақыны 60мыңнан 70 мыңға дейін  жоғарылату, 2023 жылдан бастап әлеуметтік әмиян іске қосылуы елдің еңсесін көтеріп тастады. Келесі жылдан бастап 100 мыңға жасқа жұмыс беру керек ,демек жаңа  эккоомикалық саясатты жүзеге асырғанда жаңа жұмыс орындары пайда болады деген ұғым. Көптен бері қозғалмай кеткен идеологиядағы олқылық  ұрпақтың болашағы кім кімді болса да алаңдатады.Нашақорлықпен есірткі саудасымен күрестің кешенді  жоспарын әзірлеу тапсырылды.Президент мандатын  ұзақтығы 7 жылдық мерзіммен шектеуді және Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жарты жылдығында өткізуді ұсынды.Қаңтар оқиғасына  адасып қатысқандарға бір реттік рақымшылық таныту жөнінде айтып.ел бірлігі ауадай қажет екеніне тоқталды.Қоғамдық қауіпсіздік қолға алу мәселесі өзектідесек,  отбасындағы зорлық зомбылықты да талдап зерделеу, қолға алу,бүкіл қоғам тұтас ұлт болып күресу  міндеті алдымызда тұр.  Жалпыұлттық күн тәртібінде тұрған мәселелерді  Президент Жолдауында көрініс тапқанын бағыттарынан айқын көріп отырмыз. Шешу жолдары да айқындалған.Бәрі де сапалы ұлт үшін,ел дамуы үшін.  «Күшті Президент- Ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» формуласы Жолдауда сәйкестік тауып, Әділетті Жаңа Қазақстанның  қадамдарын бастап жатыр.

 

Калыйма Жантөреева

«AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалы

Атқарушы хатшысының орынбасары,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,

Түркістан облысының құрметті азаматы

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.