Анасы өз баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Семейде әйел адам 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасаған, ҚазАқпарат.
Жедел медициналық жәрдем стансасындағылар кеше күндізгі сағат 12-00-дер шамасында қаланың сол жақ жағалау бөлігінде 5-қабаттың терезесінен 3 жасар баланың құлағаны туралы хабар келгенін айтады. Жәбірленуші балаға жетіп бару қиынға соққан. Бала бірінші қабатқа кіреберістің ернеуінен түскен. «Баланың аяғы санынан сынған, көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Ол кезде баланың жағдайы ауыр еді», — деді жедел медициналық көмек стансасындағылар. Көршілері мен куәгерлер дәрігерлерге баланы терезеден өз анасы лақтырғанын айтқан. Қазір 36 жастағы әйел өзі есепте тұратын психикалық денсаулық орталығына жеткізілген. Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Семейде көпқабатты үйлердің терезесінен екі бала құлап кеткен.
Дереккөз: inform.kz