Судың адам ағзасына тигізетін әсері
Су-кез келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе. Адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұрады. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі дәлелденген. Ағзаны қалай «суару» қажет?! Адам күніне 2 литр су ішу керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан әрі ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіздің салмағыңыз 90 келі, онда 90*30=2700 мл су. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш беріп, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы ішетін су мөлшерін ұмытпаңыз. Бұл жоспарды асыра орындауға да болады. Бүйрек сау болса, судың кейбір артық мөлшерін де реттейді. «Ас қорыту»- Су ас қорыту жүйесіне аса қажетті элементтердің бірі. Судың көмегімен ас қорытылады. Ол тағамды қорытады, соңында керек емес заттарды шығаруға ішекте жеткілікті көлемде су болуы тиіс. Егер сіздің ішіңіз ауыратын болса, су ішу режиміңізге мән беріңіз. Өйткені дәріге жүгіргеннен бұрын су ішуді арттыру да жеткілікті болуы мүмкін. «Иммунитет және су»- Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді. «Су-дене температурасын реттейді»- Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар. Өз ағзаңызға терлеу мүмкіндігін беріңіз. Бұл өте қажет. Ал ол үшін су ішу керек. «Токсиндерді шығару»- Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын щаң-тозаң, осының бәрі-біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Ағзада судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Ағзадағы тағы бір мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше су ағзаңызды қажетсіз заттардан яғни токсиндерден тазартады. «Жүрек пен буынның саулығы»- Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады. Егер сіз спортпен шұғылданып, белсенді қимылдайтын болсаңыз, ағзаңызға су артығымен қажет екенін есте сақтаңыз. Өйткені ағзадағы судың көп бөлігі термен кетіп қалады. Күніне ішетін су мөлшеріне кем дегенде 2 литр және 2 стакан су қосыңыз. Ауырған кезде, әсіресе дене қызуы көтерілгенде сізге су аса қажет болады. Мұндай кезде су ең маңызды дәрінің бірі болмақ. Сіздің ағзаңызға жиналған бактериялар мен вирустардың кесірінен токсиндер жиналып, сіздің қимылдауыңыз да ауырып кетеді. Ағзадағы жағымсыз заттардан арылу үшін су ішіңіз. Егер су іше алмасаңыз, лиман қосылған шай, компот, морс, тауық сорпасын қабылдаңыз. Құрғақ ауа кезінде суды көп ішіңіз. Өйткені мұндай кездерде көп терлеп, көп тыныс алғандықтан, ағзадағы су азаяды. Мысалы, ұшақта ауа құрғақ. Сол себепті стюардессалар жолаушыларға су, шырын және шайды көп ұсынады. Кейбір аурулар кезінде су мөлшерін азайтуға тура келеді. Егер бұйрек қызметі бұзылса, жүрек өз жұмысын дұрыс атқара алмаса, ал аяқ ісіп кетсе онда судан бас тарта тұрған дұрыс. Ішетін суды дұрыстап таңдаңыз. Әрине қайнаған суды да ішуге болады. Алайда қайнаған суда көптеген элементтер жойлып кетеді. Сондықтан дәмсіз суды көп іше алмайсыз. Бөтелкеленген суды сатып алыңыз.Табиғи суды алып ішіңіз. Алайда көктемде қар еріген сәттегі су да қауіпті болуы мүмкін. Мұндай кездерде ішек қызметін бұзатын бактериялар кездеседі. Суды күні бойы ішіңіз. Бір күннің нормасын аз уақытта орындаймын деп ойламаңыз. Өйткені ол бүйрегіңізге күш түсіреді. Ал сәлден соң бұл сұйықтықтың тең жартысы сыртқа кетеді де, ағзаңызға тағы да су жетпеуі мүмкін. Сондықтан көп мөлшерде су ішуді ұмытпаңыздар, денсаулықтарыңызды күтіңіздер.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы Т.К.Ахатаева