КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНАЙЫҚ!

Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз  шалдыққаны анықталған кезден басталды.

Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады —SARS-CoV-2. Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы синдромды (атипті пневмония деген атаумен танымал) қоздыратын SARS-CoV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі болды. COVID-19 —SARS-CoV-2 деп аталатын жаңа коронавируспен шақырылатын ауру.

COVID-19-дың клиникалық белгілеріне жатады:

безгек;

құрғақ жөтел;

шаршағыштық.

иіс сезу немесе дәм сезудің жоғалуы;

мұрынның бітелуі;

конъюнктивит (немесе көздің қызаруы);

тамақтың ауыруы;

бас ауруы;

бұлшықет пен буындардағы ауру сезімі;

терідегі әр түрлі бөртпелер;

лоқсу немесе құсу;

диарея;

қалтырау немесе бас айналу.

COVID-19-дың ауыр ағымы келесі симптомдармен көрінеді:

ентігу;

тәбеттің жоғалуы;

сананың шатасуы;

үздіксіз ауру сезімі немесе кеуде қуысындағы қысылу сезімі;

дене қызуының жоғарылауы (38°C-тан жоғары).

Кез келген жастағы адамдар өздерінде клиникалық белгілерімен қатар тыныс алудың қиындауы немесе кеуде қуысының қысылу сезімі, сөйлеу немесе қозғалыс бұзылыстарын байқаса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

COVID-19-бен ауырып өткен кейбір науқастарда  аурудың әр түрлі белгілері сақталады:

өкпенің зақымдануы

жүрек бұлшықетінің зақымдануы немесе қабынуы, мысалы миокардит немесе перикардит

есте сақтау қабілеті немесе концентрацияға әсер ететін когнитивті бұзылыстар

қан тамырларына әсер ететін жағдайлар, мысалы қан ұю

инфаркт, инсульт немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқынулардан болатын ұзақ әсерлер

үрей, депрессия немесе жарақаттан кейінгі синдром

бұлшықеттегі немесе буындағы ауру сезімі

созылмалы шаршағыштық

Вирус инфицирленген науқастың мұрын немесе ауыз қуысынан жөтелу, түшкіру, сөйлеу немесе терең дем алу кезінде жұғады.  SARS-CoV-2 вирусын анықтау үшін және жұқпаны растау мақсатында полимеразды тізбекті реакцияға (ПТР) жүгінеді. Материал үлгісін мұрын немесе тамақтан алады. ПТР вирусты үлгіде оның генетикалық материалының көпреттік көбеюі нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді.  Өзіңізді қауіп-қатерден сақтау үшін қорғаныштың қарапайым шараларын қолданған жөн. Атап айтсақ,  бөлмені желдету, медициналық мекемелерде маска тағу,  үнемі қолдың гигиеналық өңдеуін жүргізу және жөтелген кезде шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен ауызды жабу керек.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекциясына қарсы екпе салдыру арқылы біз өзіміздің иммунитетімізді көтеріп аурудан сақтана аламыз.

Қазіргі таңда, коронавирусқа қарсы Қазақстанда АҚШ-тың Пфайзер компаниясының «Комирнати» вакцинасымен егу 12 жастан асқан адамдарға, сонымен қатар  Қазақстанда үш және одан көп ай тұратын шетелдік азаматтарға, жүкті әйелдерге-жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдерге-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) жүргізілуде.

Өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық!!!

Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

 бөлімінің бас маманы Идияева Б.С.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.