Әскери ортада қылмысқа жол жоқ

Шымкент және Арыс гарнизондарына қарасты әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларының қатысуымен «Әскери  ортада қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»тақырыбында жиналыс өтті.

 

Аталған жиналысқаШымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицерлері майор Асан Абдрахман, капитан Ербол Айтбаев, капитан Нұрбол Үсенұлы,ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Жазира Әлжановақатысты.

Жазира Әлжанова өз сөзінде тақырыпқа қатысты елімізде өткізіліп жатқансаясаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралдарының бірі болып саналатын ішкі талдау институты туралы сөз қозғады.

Сонымен бірге,капитан Нұрбол Үсенұлы сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып,жемқорлық әрекеттер жайында хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу ережелері туралы айтып берді.

Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің (сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) аға офицері, капитан Ербол Айтбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әскери ортада кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Ол бұл жобалардың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылатынына нақты тоқталып, бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың оң нәтиже беріп жатқанын тілге тиек етті.

– Сыбайлайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың оң нәтижесі ретінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери қызметшілері қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермегенін айтып кеткен жөн, – деді  капитан Ербол Айтбаев.

Жиын соңында майор Асан Абдрахман жемқорлыққа қарсы күрес кешенді негізде, яғни мемлекеттік органдар мен азаматтардың тығыз қарым-қатынасында жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.