Шымкент: Жас офицерлер жиыны аяқталды
Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне тағайындалған лейтенант-түлектер жиыны өтті
Жиын аяқталғаннан кейін жас офицерлер қызмет өткеру орны бойынша өздерінің қызметтік міндеттеріне кірісті.
Жиынға барлығы 50-ден астам жас офицерлер қатысты. Жаңадан тағайындалған командирлер заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді, әскери жарғыларды, атыс, арнайы және дене шынықтыру ережелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Лейтенанттар психологиялық тестілеуден өтіп, Макаров пен АК-74 қаруларынаату жаттығуларын орындады.
Сонымен қатар, жас офицерлердіжиын барысында тактикалық және атыс даярлығы бойынша жеке құраммен өзіндік жұмысқа дайындады. Жиын ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚК әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Қайрат Бауыржановтың басшылығымен өтті.
— Жас офицерлер әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде алдағы әскери қызметке бейімделуі қажет. Өткен жиында біз оларды лауазымды қабылдау, жеке құраммен оқу процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысын сапалы жүргізу бойынша қажетті біліммен қаруландыруға тырыстық, — деп атап өтті ол.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі