Шымкент: Тергеу саласындағы заңбұзушылықтарға жол бермеу бойынша дөңгелек үстел өтті

 2022 жылдың 13-қыркүйегінде Әл-Фараби ауданы ПБ мәжіліс залында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. 

    Басқосуға Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Е. Марат, мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ғ.Мыңбатыров, мамандандырылған тергеу сотының судьясы Н.Айнабеков және Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Ергешов қатысты. Сондай-ақ, іс-шарада тергеу, анықтау және криминалистика салаларының қызметкерлері болды.   

    Іс-шарада сөз алған Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Д.Абдраманов заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысында заңдылықтың сақталуын, оқиға орнын қарау, айғақты заттарды алу және тінтуді жүргізуді талдау тақырыбын қозғады.  

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.