БИЫЛ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ТІРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АСАДЫ

Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында айтылды.
Жаңа нысандар Шұқырбұлақ, Келтемашат, Тұрар және Ақбиік ауылдарында бой көтермек. Жиында мұнан бөлек медицина саласындағы өзекті мәселелер, халықты жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асуы, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Бүгінде ауданда тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 67 мекеме бар. Олар 1 — аудандық орталық аурухана, 1 — аудандық емхана, 10 — дәрігерлік амбулаториялар, 2 — бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 18 медициналық тірек, 21 фельдшерлік акушерлік тірек. Бұдан бөлек 50 мектеп ішінде арнайы кабинеттер қарастырылған. Бірақ нысандар әлі де медициналық талапқа сай келмейді.
Аталған мәселені кезең-кезеңімен реттеу мақсатында аудан әкім жауапты бөлім мен аудандық аурухананың бас дәрігеріне медициналық тіректі қажет ететін елді мекендердің барлығына тиісті құжаттарды дайындауды тапсырып, қажетті жер телімдерін бөлуді ауыл әкімдеріне жүктеді. Салалық бөлімге мәселені толық зерделеп, облыс әкімінің жауапты орынбасарына жобалық сметалық құжаттар әзірлеу үшін қаржы қарастыру мақсатында хат жолдауды тапсырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.