«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, комиссия төрағасы М.Қалмұратов жүргізіп отырды. Алдымен жиында қалалық Жер ресурстары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалды.
Жалпы, қаланың жалпы жер көлемі 116,3 гектар болса, оның ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 61,7 мың га құрайды. Оның ішінде: егістік жерлер – 38,8 мың га. Ауыл шаруашылығы жерлеріне сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде 2020 жылы 836 жер пайдаланушы (алаңы 8637 га) және 2021 жылы 291 жер пайдаланушы (алаңы 2407 га) тұратын пайдаланылмайтын жер анықталған.
Жиында сондай ақ, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы «Шымкент қаласы аумағында 992 жер учаскесiн тұрғын үй құрылысын салу үшін өз бетінше иеленіп алу фактілері анықталған. Сонымен бірге, жерге тиiстi құжаттарсыз жүзге жуық дүңгіршек орналастырылған. Әкiмдiк пен халық арасында жерді өз бетінше иеленiп алудың салдары туралы тусiндiру жұмыстары жургiзiлуде»,¬ деген ақпаратын жеткізді.
«Жер аманаты» бүгінгі отырысының қорытындысында жер комиссиясының алдағы жұмысы нақтыланып, комиссия құрамындағы ашықтық мәселесін қарап, ресми сайтқа жариялау ұсынылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде жұмыс жүргізілуде. «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – ауыл тұрғындары үшін жайылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Үш айдың ішінде «AMANAT» партиясының араласуымен республика бойынша 10 өңірде 1,6 млн гектардан астам жер қайтарылды. Сонымен қатар, жер мәселелерін неғұрлым жедел шешу үшін қазақстандықтар барлық заң бұзу фактілері туралы «AMANAT» партиясының «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефонына хабарлай алады.
#AMANAT #AMANATPartiyasy