20 ҚАРАША КҮНІ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін жариялады.

Биылғы жыл расымен де түбегейлі өзгерістер мен нақты реформалардың жүзеге асырылумен есте қалары анық. Жуырда өткен жалпыхалықтың референдум бүгіннің өзінде нәтижесін көрсетуде. Ең бірінші билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнап, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы қолға алынып отыр.

Ата заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталып, депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланатынын мемлекет басшысы өз үндеуінде айтып өтті. Және Конституциялық сот құрылып, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болатыны айтылды.

Сондай-ақ, Конституциялық реформадағы саяси партияларды тіркеу және сайлау рәсімінің жаңа өзгерістеріне тоқталды. Сәйкесінше сайлаудың мерзіміне және Конституцияның талаптары бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

— «Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады», — деді Мемлекет басшысы.

Алдағы еліміздегі ең маңызды сайлауда азаматтарымыз жауапкершілігін сезініп, бірлік мен тұтастығын көрсетеді деп сенемін.

НАРГИЗА КЕРІМБАЕВА
Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.