Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.
Кезекті шара «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласындағы Индустриалдық техникалық колледж студенттерімен өтті.
Іс-шараға Шымкент ҚПД Абай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бакытжан Сатыбалдыұлы Адилбеков пен Абай АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағдат Жәнібекұлы Жүсіпбек қатысты. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі