Колледж жастарымен кездесу өтті
📆Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері, Халықтық коалицияның белсенділері Түркістан индустриалды−инновациялық колледжінің студенттері мен оқытушы құраммен үгіт−насихат кездесуін өткізді. «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарышу хатшысы Гүлжайна Жартыбекова сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, сайлау алды бағдарламасының басымдықтарына назар аударды. Кездесуге қатысушыларға парақшалар таратылып, білім саласына қатысты сұрақтарына жауап берілді. Барша азаматтарды 20 қараша күні маңызды саяси оқиғадан тыс қалмауға, азаматтық көзқарасын білдіріп дұрыс таңдау жасауға шақырды.