Шымкент: 25 жастағы азамат алтын мен ақшаға ұрлыққа түскен

Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, тапа-тал түсте ұрлық жасаған. Оқиға Шымкент қаласында орын алған.

Абай АПБ-ның «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында, 2022 жылдың 26-қазанында, күндізгі уақытта үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, 1 000 000 (бір миллион) теңге ақшасы мен құны 315 000 (үш жүз он бес мың) теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел іздестіру жұмыстарын жүзеге асырды. Нәтижесінде, Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт егесінің үйінде жоқтығын пайдаланып, баспанаға есік құлпын бұзу арқылы кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан құнды заттарды қолды еткен. Содан, ол ұрланған алтынды Шымкент қаласы аумағындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Қазіргі кезде алтыннан түскен ақшаны және 1 000 000 теңгені өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.