ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның Шардара аудандық қоғамдық штабының мүшелері «Хамит» балық өңдеу зауытының ұжымымен кездесті. Сенімді өкілдер еңбек адамдарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасын толыққанды түсіндіріп өтті.

«Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады. Әділетті Қазақстанда адам құндылығы бірінші орында тұр»-деді облыстық штаб мүшесі Б.Серманизов.

Сондай-ақ, ол Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының әрбір бағыты жастарды патриоттыққа тәрбиелуге, білімге құштарлыққа, еңбекқорлыққа шақыру болып табылатындығын жеткізді.
Ал, аудандық штаб мүшесі Г.Ғаниева сайлауалды бағдарламадағы кәсіпкерлікті қолдау шараларына тоқталды.

«Орта және шағын бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан да мемлекет бүгінде елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отыр»- деді ол.

Ал Төлеби ауданында облыстық қоғамдық штаб мүшелері Б.Жылқышиев және Ғ.Елшібаев, Төлеби аудандық қоғамдық штаб мүшелері С.Ахтаев, Т.Әміралиев, А.Сахов, Ж.Амангелдиев «КазПласт» ЖШС ұжымына сайлауалды тұғырнаманы насихаттады. Кездесуде кәсіпкерлік, өндіріс саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы баяндалды.Мәселен, шағын және орта бизнесті дамыту үшін нақты шаралар қабылданып жатқанын оның ішінде шағын бизнестің өкілдері табыс салығын төлеудан 3 жылға босатылатынын айтып өтті.

Штаб мүшесі Ғ.Елшібай сайлауалды бағдарламада экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылатынын, өңірлерді кешенді дамытуға ерекше назар аударылатыны, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 % болатын шағын несие берілетініне баса назар аудартты.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданатындығы түсіндірілді.
Сенімді өкілдердің Түлкібас ауданындағы кездесуі «Ақсу-Жабағылы» Мемлекеттік табиғи қорығында өтті. Онда штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары бойынша мәлімет берді.

«Жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынады. Атап айтқанда, оқушылар сарайы, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтереді. Әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алады. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылады»-деді Ө.Маткеримов.

Кездесу соңында сенімді өкілдер көпшілікті алдағы сайлауға белсенді қатысып, кандидат Қ. К. Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.