Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 12 қылмыс ашылды
2022 жылғы 7 мен 13-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7797 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3266 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 4, автокөлікті заңсыз иелену – 1, басқа да — 7.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 285, жол ережесін бұзған – 723, одан басқа да 147 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі