«Әскери билет әперемін»: Шымкенттік полицейлер алаяқтық жайтын анықтады

«Әскери билет алып беремін» деп заңсыз ақша алып, алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.
2022 жылдың 9-қарашасында, сағат 09:55-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш жылдан бергі танысы «әскери билет алып беремін» деп, 25 000 ( жиырма бес мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.