Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 4 қылмыс ашылды

2022 жылғы 21 мен 27-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 8001 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3401 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 3, басқа да — 1.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1310 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 289, жол ережесін бұзған – 849, одан басқа да 172 жайт анықталды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.