Шымкент: Заңсыз құс аулаумен айналысқан төрт тұлға анықталды

2022 жылдың 4-желтоқсанында, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының инспекторлары қала  аумағында рейдтік іс-шара өткізді.

Шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Нәтижесінде, «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайларды алып келген 4 тұлға анықталып, әкімшілік шара көрілді.

Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.