Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды
2022 жылғы 12 мен 18-желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7311 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3255 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 5, басқа да — 2.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1044 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 299, жол ережесін бұзған – 553, одан басқа да 192 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі