Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша ақпарат
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автомобильдерді біржолғы заңдастыру туралы жариялаған болатын.
Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілуде.
Парламент Салық кодексіне заңдастыруға жататын автомобильдерді бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін белгілеу бөлігінде 200 мың теңге мөлшерінде алғашқы түзетулерді қабылдады.
Бір мезгілде екінші заң жобасы шеңберінде Экологиялық кодекске аталған автомобильдер үшін кәдеге жарату төлемінің күшін жою бөлігінде түзетулер енгізіледі.
Бұдан басқа, ІІМ жария етуді жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді.
Аталған жоба ағымдағы жылдың 29 қарашасында жария талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ-нің ресми сайтында орналастырылды.
Шетелдік автомобильдерді заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады.
Бұл ретте жария етуді алты ай ішінде жүргізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде шетелдік автомобильдерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі ресімделгені анықталды.
Автокөлік сақтандыруларының ең көп саны Ресей Федерациясынан келген автомобильдерге ресімделді — шамамен 260 мың, Қырғызстан – 25,5 мың және Армения – 18 мың.
Іздеуде жүрген және кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген автомобильдер заңдастыруға жатпайды.
Автокөліктің Қазақстанға кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалатын болады, бүгінгі күні бұл процесс толығымен автоматтандырылған.
Сонымен қатар, шекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, автомобильдің Қазақстан Республикасында нақты тұрған күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалатын болады.
Мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін белгіледі: бірінші автомобильдер — іздестірілмеуі тиіс, екіншісі-кедендік «тазартудан»өтуі тиіс.
Егер аталған автомобильдер оларға сәйкес келсе, онда оларды тіркеуге ешқандай кедергі болмайды.
Жария етуге жататын автомобильдерге жасына және экологиялық сыныбына қойылатын талаптар қойылмайды.
Біздің елде уақытша тіркелген «армян» автомобильдері де заңдастыруға жатады.
Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, өйткені 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.
Негізгі төлем-бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңгені құрайды.
Қалған төлемдерге мемлекеттік төлқұжат үшін баждар жатады, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет(2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік төлқұжат пен мемлекеттік төлқұжат үшін төлем сомасы шамалы өзгереді, өйткені баждар АЕК-ке байланысты есептеледі).
Жария етуге өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке өтініш жасау арқылы беруге болады.
Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексергеннен кейін автомобиль Арнайы ХҚКО жанынан тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.
Содан кейін 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баждар, сондай — ақ, егер қажет болса, кедендік баждар төленеді.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі.
Құрметпен,
Шымкент қаласының ПД