Шымкент: «Тұрақты жұмысқа кіремін» деп, қомақты қаржысынан айырылды

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір жылдан бергі танысы «Халыққа қызмет көрсету орталығына (Цон) жұмысқа кіргізіп беремін» деп, алдын ала 1 222 500 (бір миллион екі жүз жиырма екі мың бес жүз) теңгесін алып, тоғыз ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-35-те, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.