ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады. Үкімет басшысы алдымен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де болып, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құрастыру  жобасының іске асу барысымен танысты. Нысандарды аралау кезінде Премьер-министр пайдалануға берілген шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысынның жұмысын көріп шықты.

Үкімет басшысы бұдан кейін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап көрді. Жұмысшы топ шыны бұйымдар шығаратын «Еврокристалл» зауыты болып, өндірістік процесспен және дайын өнім түрлерімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация керамогранит өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорнында болып, елімізде баламасы жоқ зауыттың өнім түрлерімен танысты. Кәсіпорын жыл соңында өндірістің екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлауда. Жоба импортты алмастыру бағытында жұмыс істейді. Мұнда экспорттың үлесі 30 пайыз болса, қалған 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілуде.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.