«Жер аманаты» комиссиясының отырысы

«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен былтыр 3 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Партия Төрағасы Ерлан Қошанов жайылымдық жер мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында екенін үнемі айтып келеді. «Былтыр Президент игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясының жанынан құрылған осы біздің «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді ат салысып келеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты», — деді өз сөзінде Е.Қошанов.
Ол аз уақыт ішінде комиссияның «жедел желісіне» тұрғындардан 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті. Оның барлығы жергілікті әкімдіктермен және бейінді министрлікпен бірлесіп мұқият қаралды.
Сондай-ақ, партия Төрағасы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі міндеттерін атап өтті.
«Жер аманаты» комиссиясының мүшелері әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды. Шымкент қаласы бойынша атамыш комиссия құрылып, мүшелері тағайындалып, аталмыш комииссияның 3 отырысы өтті осы күнге дейін. Соның нәтижесінде заңсыз игерілген жерлер мемлекет еншісіне қайтарылуда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.