Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді
Ағымдағы жылдың 6-12 ақпан аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6902 қоңырау түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары және т.б. Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Бұдан басқа, 1197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -206, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) — 63, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу)-11, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары — 729, 188 өзге де құқық бұзушылықтар.
Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі