Мұхтар Түменбай, жазушы-журналист: Не деген идиотизм!

Боқтық сөзге салынған тыйым мені екі ойлы күйге түсірді. Бір жағынан дұрыс шешім секілді. Ал екінші жағынан біздің қоғамда ішке ашу толғанда оны бір боқтап шығару, сөйтіп шер тарқату — әбден бойға сіңген әдет болған. Одан арылу керек те шығар. Бірақ өмір сүру, эмоциямен күресудің құралына айналған бұл әдеттен адамдар оңайлықпен құтыла қояр ма екен? Әлемде боқтамайтын ұлт бар ма жалпы? Меніңше мұндай шектеу орнату абсурд.

Және үшіншіден, боқтық айтқан адамға 69 мың теңге айыппұл салынады дейді. Солай-ақ болсын. Бірақ бұл жерде нақты анықтамалар қажет. Егерде адам белгілі бір азаматқа қаратып боқтайтын болса оған жаза қолдану орынды. Ал егерде адам ешкімге нақты айтпай белгілі бір жағдайға байланысты, айталық тайғақ көшеде тайып құлап боқтаса немесе ДТП-ға түсіп бір жерін зақымдап боқтық сөз айтса оған да айыппұл сала ма? Не деген идиотизм!

Құрметті қадірден жұрдай заң шығарушы мырзалар. Сендер осы не шегесіңдер заң қабылдарда? Не болса да бастарың жазылғанда осы нәрселердің ара-жігін нақтылап ажыратып берсеңдер.

«Фейсбук»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.